Qazaq Balasy 0

Елбасына ашық хат: Серікжан Біләшұлы ақталсын!

425 people have signed this petition. Add your name now!
Qazaq Balasy 0 Comments
425 people have signed. Add your voice!
43%
Maxine K. signed just now
Adam B. signed just now

Қазақстан Республикасының
Президенті Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,«Ақорда»

Осы петицияға қол қойған Қазақстан Республикасының ұлтжанды азаматтарынан

Құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы!

Мен қатардағы Қазақстан Республикасының қарапайым, ұлтжанды азаматымын. Сізге хат жазуға 2019 жылдың 10 наурызы Бияш (Біләшұлы) Серікжанның (ЖСН 741221302430) аяқ астынан, еш жазықсыз ұсталып кетуі себеп болып отыр.
Біләшұлы Серікжан 2016 жылдан бері Қытайда себепсіз ұсталып, отбасынан бөлініп қалған Қазақстан Республикасы азаматтары мен әртүрлі сылтаулармен ұсталып, саяси үйрену орталығы деп аталатын саяси лагерлерге қамалып жатқан Қытайда тұратын этникалық қазақтарға құқықтық көмек көрсетумен айналысып келген еді. Алматы қаласында «Атажұрт» еріктілер ұйымына басшылық етіп, Қытайдан тарихи Отанына оралған, туыстары Қытайдың саяси лагерлеріне қамалған азаматтарға заңдық көмек көрсетіп, кейбір оқу-жазу сауаты жоқ, құқықтық білімі таяз қандастардың мұңына ортақтасып, жоғын жоқтап, олардың өз талап тілектері бойынша құзырлы органдарға, құқық қорғау ұйымдарына немесе халықаралық адам құқығы ұйымдарына арыздар мен өтініштерді тиісті үлгіде, сауатты жазуға көмектесіп келді. Қытайда туыстары қамалып, жазықсыз қиындыққа ұшыраған азаматтардың көптігінен күнді түнге жалғап, демалыс дегенді білмей, бар күш-жігерін салып еңбек етті. Оның қазаққа жанашыр ұлтжанды азаматтармен бірге осы уақытқа дейін жасаған еңбегін шеттен келген қазақтардың барлығы біледі. 2016 жылдан бері Қытайдың этникалық қазақтарға деген саясаты күрт өзгеріп, Қытайдағы этникалық қазақтардың Қазақстанға келіп-кетуі қиындап кетті. Тіпті, бірте-бірте өз туыстарымен хат-хабар алмасудан қалатын халге жеткен болатын. Осындай қиын-қыстау заманда, отбасы екіге айырылып, тірідей жетім қалған балалардың басынан сипап, тірідей жесір қалған әйелдерге рухани дем беріп, жұбатуға тырысты. Олардың отбасыларының бүтінделуі үшін бар мүмкіндікті қолданып, жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Өзінен көмек сұрап келген қандастарына «тек заң аясында жұмыс істеу керек» дейтін еді. Халықты сауатты жұмыс істеуге шақырып, тек құзырлы органдарға арыз-арманды жеткізумен ғана мәселе шешілетінін, құр даурығып, көшеге шығудың пайдасыз екенін, елдің тыныштығы мен амандығы маңызды екенін барынша насихаттап жүрді. Халықты кейбір шетелде жүріп, билікке қарсы дау айтып жүрген арандатушыларға ермеуге шақырды. Қытайдың этникалық азшылық қауымға жасаған түсініксіз саясатын халықаралық адам құқығы ұйымдарың ықпал етуі арқылы шешуді жөн деп санады. Өйткені, қытайдың аталмыш саясатын әлемдік аренада ақпараттық қысысм тудыру арқылы ғана тежеуге болатыны барша халыққа аян еді.
Біләшұлы Серікжан отбасы екіге бөлініп қалған қандастардың арызын Өзіңіңізге, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жеткізіп жүрді. Сіздің тапсырмаңызбен және Сыртқы істер министрлігінің тыңғылықты жұмысының арқасында жазықсыз саяси лагерге қамалған, үй қамақта болған мыңдаған қандасымыз Отанына оралып, отбасымен қауышты. Құзырлы органдарға арызданудың нәтижесінде отбасына қауышқан қандастарымыздың қуанышты бейнесі интернет желілеріне жүктеліп, халықты қуантты. Осының бәрі Сіздің және Сыртқы істер министрлігінің жүйелі жұмысының арқасында болып отыр. Сондай-ақ, қандастарға арыз жазуға көмектесіп, олардың талап-тілегін Өздеріңізге жеткізіп жүрген Біләшұлы Серікжанның да үлесі зор.
Қытайда қиналған қандастарға құқықтық көмек көрсетіп, шыр-пыр болып жүрген Біләшұлы Серікжанды әлдебіреулер жазықсыз қаралап, «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген ақылға сыймайтын қылмыспен айыптап, арыз жазған екен. Аталмыш арыздың негізінде Астана қалалық Ішкі істер департаменті Біләшұлы Серікжанды Алматы қаласынан ұстап, Астанаға апарған болатын. Дәл қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанша Астана қаласында үйқамақта отыр.
Жоғарыда айтылған дәйектерді есіңізге сала отырып, Біләшұлы Серікжанның жазықсыз екенін, оның ешқандай қылмыс жасамағанын, қайта әрқашан қандастарымызды саналы болуға, заң аясында жұмыс жасауға, алаяқ бүлікшілер мен арандатушыларға ермеуге шақырған ұлтжанды азамат екенін айтқым келеді. Сондай-ақ, Сізден жалған жаламен жазықсыз айыпталып отырған Біләшұлы Серікжанға қатысты Құқық қорғау органдарының оған ешқандай қысым жасамауын, тағылған жалған айыпты күштеп мойындатуға тырыспауын, қылмыстық іс жүргізу тәртібін қатаң сақтауын талап етуіңізді, Астана қаласы Есіл аудандық сотының әділ шешім шығаруын қадағалауда ұстап, заң аясында, нақты дәлел-фактілердің негізінде әділетті шешім шығаруына ықпал етуіңізді өтінемін!

Құрметпен,

Осы петицияға қол қойған Қазақстан Республикасының ұлтжанды азаматтары
2019 жылдың 14 наурызы

Share for Success

Comment

425

Signatures